«Даңқ минуты» байқауы талантты жас павлодарлықтарды күтеді
ВЛОДАР. 21 шілде. ҚазАқпарат / Вера Ливинцова/ - 29 шілде күні Павлодардың қалалық саябағында «Даңқ минуты» байқауы өтеді, деп хабарлайды «Жігер» балалар клубы.
Өз таланты мен шеберлігін тілек білдірушілердің кез келгені көрсете алады. Байқаудың бағдарламасына 6 жастан 18 жас аралығындағы жастар қатысады.
Байқауға белгілі бір ұжымдар да қатыса алады. Жеңімпазды ашық талқылаудан кейін көрермендердің дауысын есепке ала отырып, қазылар алқасы анықтайды.