«Дараймола» кен орнында апатты жою қалай өтті
Филиал директоры Т. Махмұтовтың айтуынша, 2017 жылғы 6 мамырда Атырау филиалы бойынша жедел кезекшіге «Атыраумұнай» ЖШС басшылығынан Атырау қаласынан 120 шақырым жерде Махамбет ауданында орналасқан «Дараймола» №36 кен орнының ұңғымасына жедел тәртіпте жедел авариялық-құтқару тобын жіберу туралы шақырту хаты түсті. Ол жерде түсіру-көтеру операциясын жүргізу кезінде эксплуатациялық ұңғыма салу үдерісінде мұнай-газы атқылап, салдарынан өрт тұтанған. Ұңғыманы «Атыраумұнайгаз» ЖШС қызметкері салып жатқан болатын.
Т. Махмұтов айтқандай, «Бұрқақ» дабылы жарияланды. Филиалдың жедел тобы және директордың жедел профилактикалық жұмыс бойынша орынбасары А. Құрманқұловтың басшылығымен апат орнына жетті. Ол жерде жалын биіктігі 15-20 шаршы метрге жеткені анықталды. Ұңғыма тереңдігі - 310 метр, ұңғыма оқпанында 50-60 метр ауыр бұрғылау құбырлары қалған. Біраз уақыттан кейін температураның жоғарылауы салдарынан роторлық алаңға бұрғылау мұнарасы құлады. Тілсіз жау 50-60 метр радиусқа жайылды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Аптты жою экстремальды жағдайда (жоғары температура, у-шу, ештеңе көрінбейтін көк түтін, жарамсыз ауа) жүргізілді. Жұмысты орындау кезінде ыстық температураның әсерінен ыстықтан қорғайтын киімдер, қорғаныс бетперделері, панорамалы қалқандар жарамсыз болып қалды. Температураның жоғары болуынан жедел топтың ұңғыма жанындағы қауіпті аймақта жұмыс істеуі 5 минуттан аспады.
Штаб бекіткен жедел жоспарға сәйкес жедел топ 06-8 мамыр аралығы кезеңінде, зиянды заттар шоғырын айқындау бойынша ортаны өлшеу, қауіпті аймақты жарық болып тұратын жалаушалармен белгілеу, бұрғылау аумағын үйіндімен бекіту, ұңғыма маңын бұрғылау мұнарасынан шашыраған элменттерден тазалау, шарлы кран көмегімен жабдықтар мен құбыр кеңістігі арқылы құбыр сыртындағы кеңістікті - ұңғыма сағасының саңылауын бекітумен ұңғымадан оқшаулау секілді жұмыстар жүргізілді.
2017 жылғы 8 мамырда жұмыс аяқталды. Апат қысқа мерзімде сәтті жойылды.