12:09, 05 Сәуір 2022 | GMT +5
Дархан Ділманов ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.