Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жарлығымен Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

«Д.Н. Назарбаеваны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 қыркүйек

№ 90

НАЗАРБАЕВА ДАРИҒА НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған.

1980-1983 жж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыған.

1983-1985 жж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінің студенті.

1985-1987 жж. - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі.

1987-1990 жж. - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты.

Саяси ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты.

1992-1994 жж. - «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице- президенті.

1994-1995 жж. - «Қазақстанның телевидение және радио» республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық телевизия ақпараттық агенттігінің директоры.

1995-1998 жж. - Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің «Хабар» Агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

1998-2001 жж. - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның президенті.

2001-2004 жж. - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрайымы.

2004-2007 жж. - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Республикалық «Асар» партиясының тізімі бойынша сайланған депутаты, «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.

2007-2012 жж. - «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық қорының директоры.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болды.

2014 жылғы 3 сәуірден Қазақстан Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясы фракциясының жетекшісі. «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі.

2001 жылдан бастап Еуразиялық Медиафорумының ұйымдастырушысы және ұйымдастыру комитетінің төрайымы.

«Парасат» және ІІ дәрежелі "Барыс» ордендерімен және Француз Республикасының Әдебиет және өнер орденімен, медальдармен марапатталған.

Ағылшын, итальян, неміс тілдерін меңгерген.