Дәрігердің қателігінен елордалық келіншек бір омырауынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда соты клиникада қателесіп оң жақ омырауын алып тастаған әйелдің пайдасына шығын өндіру туралы шешім шығарды. Бұл жайында Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматша Е. астаналық клиникалардың бірінде маммолог дәрігердің тексеруінен өткен. Бұған қоса, дұрыс диагноз қоймаған дәрігердің кәсібилігінің төмендігінен әйелдің оң жақ сүт безі алынып тасталған. Алайда, қатерлік ісік диагонзы қойылған оң жақ сүт безіндегі ісік қатерсіз болып шыққан.

«Астана қалалық соты Есіл аудандық сотының шешімімен клиникадан материалдық шығын мен моральдық залал өндіріп алынды. Сонымен қатар Астана қалалық азаматтық істер жөніндегі сот алқасы моральдық залал көлемін ұлғайтты. Шешім заңды күшіне енді», - делінген таратылған ақпаратта. 

Соңғы жаңалықтар
telegram