Дәрігерлер жарақат алған ресейлік бобслейшінің аяғын сақтап қалды
АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Немістердің Кенигзее трассасында ауыр жарақат алған ресейлік бобслейші Ирина Скворцоваға операция жасалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Траунштайн қаласындағы ауруханада өткен операцияға ресейлік дәрігерлер де қатысып, неміс әріптестерінің іс-қимылдарына тәнті болды.
Бірнеше сағатқа созылған операция, дәрігерлердің бағалауынша, өте сәтті өткен. Аяққа ампутация жасауды болдырмаудың сәті түсті.
Ирина Скворцова қарашаның 23-інде бобслейден Еуропа Кубогы жолындағы жарыстардың қарсаңындағы жаттығулар кезінде ауыр жарақат алған болатын.