Дәрменияр Қыдырбекұлы Астанадағы Есіл ауданының әкімі болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Астананың Есіл ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға 42 жастағы Дәрменияр Қыдырбекұлы кірісті.

Ол 4 жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Мүлһин» қоры» қоғамдық бірлестігінде бастаған.
Әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді.
2012-2013 жылдар аралығында «Жетісу ӘКК» ҰК» АҚ (Талдықорған) басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
2013 жылы Талғар ауданы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
2013-2019 жылдар аралығында Талғар ауданы әкімінің орынбасары болды.
2019 жылғы 19 қарашадан бастап — Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.