Дарынды балаларға арналған екі жаңа мектеп ашылады

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте дарынды балаларға арналған екі жаңа мектеп ашылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Физика-математикалық бағыттағы білім ошақтары «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуальдық мектебі» жобасы аясында ашылады. Ол мектептерді ашудағы мақсат - осы бағыт бойынша ең дарынды деген балаларды жинап, оларға жақсы білім беру. Ал арнайы мектептердің түлектері өз кезектерінде, еліміздің техникалық элитасының негізін құрайтын болады және Қазақстанның жоғары технологиялық деңгейге көтерілуіне үлес қосады. Мұндай мектептер әрбір облыс орталығында бір-бірден ашылады. Тек Астана, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларында президенттік мектептер екі-екіден болады. Ағымдағы жылы осы 20 мектептің құрылысына мемлекет 5 миллиард теңге қаржы бөліп отыр.
Соңғы жаңалықтар