Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі талқыланды

ПАВЛОДАР. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысының Жаңашыл педагогтар қауымдастығының мүшелері аймақ мектептерінің қазақ тілі және әдебиеті, информатика және биология пәндерінің мұғалімдерімен болған «тамыз кездесулерінде» дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін талқылады, деп хабарлады «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығынан.

Дарынды балалармен жұмыс  істеу  жүйесі    талқыланды

Мамандандырылған мектептер мен инновациялық типтегі оқу мекемелерінің педагогтары балаларды орта сыныптардан бастап республикалық олимпиадаларға дайындаудың өзекті мәселелерін талқылады және жаңа оқу жылына ұсыныс-кеңестер қабылдады.

Кездесуде сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің жаттықтырушы-ғалымдарын шақыра отырып оқу семинарларын өткізу және облыстың жетекші педагогтарының шеберлік сабақтарын өткізу туралы шешім қабылданды.