Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дарынды спортшыларды даярлау стратегиясын әзірлеу қажет - Ербол Орынбаев

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев аталған ведомствоның басшысына дарынды спортшыларды даярлау стратегиясын әзірлеуді тапсырды.

Дарынды спортшыларды даярлау стратегиясын әзірлеу қажет - Ербол Орынбаев

 Е.Орынбаев мәлім еткендей, бүгінгі таңда елімізде дарынды спортшыларға арналған 11 аймақтық интернат бар. Онда 3 мың шәкірт дәріс алуда. Ал 4 республикалық мектепте 1 мыңнан астам спортшы оқиды. Бұдан бөлек, Олимпиада резервін дайындайтын 17 орталық жұмыс істеп жатыр. «Меніңше, бұл жүйені әлі де дамыту қажет. Осы орайда шетел тәжірибесін жан-жақты зерттеп, ұстаздық қызметке ерекше мән беру керек.  Агенттік әрбір аймақта спортта дарынды жастарды анықтаудың тиімді жүйесін ойластырып алған жөн. Ондай балаларды бірден тауып, олардың қабілет-дарынын дамыту үшін қажетті барлық жағдайларды жасау қажет. Болашақта сол спортшылар ел намысын қорғайтын болады», - дейді Е.Орынбаев. Ол Т.Ермегияевке дарынды спортшыларды даярлаудың арнайы стратегиясын әзірлеуді тапсырды.