Дастан Сатпаев Қазақстандағы ЖОО-да оқу үшін грантқа ие болды
АСТАНА. KAZINFORM — 17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқу үшін арнайы академиялық грантқа ие болды.
Грантты Дастан Сатпаевқа Қазақстан спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирянов тапсырды. Ол білім мен спортты үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
Сатпаевтың футболдағы мақсаттылығы халықаралық деңгейде де бағаланып, бұған дейін танымал ағылшын «Челси» клубының назарын аударған болатын. Жас спортшының шетелдік клубтан шақырту алу фактісі қазақстандық футбол үшін маңызды оқиға болып саналады.
Әзірге, Дастан Сатпаевтың Лондонға кетуін ескере отырып, ол грантты қалай пайдалана алатыны туралы ақпарат берілмеді.
Бұған дейін «Қайрат» және Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Айдар Арғымбаев Дастан Сатпаевты Қазақстан футболының тарихындағы ең үздік жас шабуылшы деп бағалаған болатын.
Сонымен қатар, Дастан Сатпаевтың Лондон клубындағы жаттықтырушысы да жарияланды.
Айта кетйеік, бұған дейін Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алды.