Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат ойыншысы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның ең қымбат ойыншысы Дастан Сәтпаевтың бағасы Англияның «Челси» командасына ауысар алдында қымбаттады.
Transfermarkt Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайрат» командасының бұрынғы шабуылшысының құнын тағы 500 мың еуроға көбейтті. Енді оның бағасы 3,5 млн еуро. Бұл — Қазақстан Премьер-лигасы ойыншылары арасында ең жоғары көсреткіш.
Сондай-ақ Сәтпаевтың трансферлік бағасының өсуімен бірге аргентиналық футбол статисті Карлоса Арасакидің нұсқасы бойынша әлемнің жас сұрмергендері арасында алғашқы ондыққа енді. Қазақстандық форвард 20 жастан аспаған ойыншылар арасында тоғызыншы орынға табан тіреп тұр. Ол 17 жасында 25 гол соғып үлгерді.
Бұл тізімді Испанияның «Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль 56 голмен бастап тұр. Одан кейінгі орындарда әрқайсысы 40 голдан соққан бразилиялық Эстевао и Эндрик келеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойында екі гол соқты.