Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дастан Сәтпаев ресми түрде жаңа командаға ауысты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англияның көне клубтарының бірі — «Бернли» ойыншысы атанды.

Дастан Сәтпаев ресми түрде жаңа командаға ауысты
Фото: @d.satpayev / instagram

Бұл туралы «Челси» мен Бернли» футбол клубтары әлеуметтік желіде хабарлады. Көк жейделі команда Сәтпаев «Қайраттан» «Челсиге» ресми түрде ауысқанын хабарлап, Қазақстан құрамасының ойыншысы алдағы маусымды «Бернлиде» өткізетінін жеткізді.

Бұл жаңалықпен Англия Премьер-лигасының кейінгі чемпионат — Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» де бөлісті.

— Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев «Челсиден» бір маусымға жалға алынғанын қуанышпен хабарлаймыз, — делінген клуб жазбасында.

Дастан Сәтпаев манбасындағы жаңа кезеңге қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді.

— Бұл тек бастамасы. Жалға бару — менің мықтырақ болуыма көмектестін жаңа тәжірибе. Бар жақсы алдыда. Алға қазақ елім, — деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін футбол әлемінде танымал инсайдер Дастан Сәтпаевқа қатысты тың жаңалықпен бөлісті.