Дәстүрлі «Кока-Кола Былғары доп» турнирі басталды
АЛМАТЫ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін балалар мен жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі «Кока-Кола Былғары доп» турнирі басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Виктор Катковтың айтуынша, 2011 жылы 1997-1998 жылғы жасөспрімдер арасында аяқдоптан ТМД елдерінің Достастық кубогы турнирі өтеді. Көптеген футбол жұлдыздарын өмірге әкелген «Былғары доп» турнирі сияқты футбол жарыстары қазіргі таңда да бұрынғы кеңестік республикаларда өз жалғасын тауып жатқанын анықтағаннан кейін Ресей футбол федерациясы жақында осындай ұйғарымға келген.
Кеңес Одағы тарап, республикалар өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі өтпелі кезеңде Қазақстанда «Былғары доп» турнирін «Кока-Кола» компаниясы қайта жаңғыртқан болатын. 5 мыңнан астам мектептің 500 мыңнан астам оқушысын қамтыған бұл шара өз нәтижесін берді. Солардың бірі Сергей Хижниченко. Ол ұлттық құрама сапында 2 матчта қарсыластар қақпасына 3 доп соққан болатын.