Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дәстүрлі түркі музыкасының «Астана-Арқау» фестивалі 3-4 шілдеде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3-4 шілдеде «Астана-Опера» театрында «Астана-Арқау» түрік дәстүрлі музыкасының X фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәстүрлі түркі музыкасының  «Астана-Арқау»  фестивалі 3-4 шілдеде  өтеді

Биыл оныншы жыл салтанат құратын «Астана-Арқау» фестивалінде алыс-жақын түрік халықтарының және қазақ музыкасының айтулы шеберлері өнер көрсетеді. Солардың қатарында атақты музыкант - дәстүрлі тувалық көмей саздың майталманы Николай Ооржак фестивальдің арнайы қонағы болмақ.

«Николай - Тува Республикасының тұқым қуалаған шаманы. 25 жылдан астам уақыт бойы ол бүкіл әлем бойынша сабақтар мен салт жораларды өткізумен келеді, «Ун-Хун», «Күн дыбысы» жүйелерінің, өзін өзі дамыту мен ұзақ ғұмыр жасаудың рухани-сауықтыру әдістемесінің авторы», - дейді ұйымдастырушылар .

Концерттің басталуы сағат 19.00-де. Билетті театрдың сайтынан сатып алуға болады.