Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дау тудырған Бурабай ауданындағы Зеленный Бор кентінің тұрғындарына ауыз су мен жылу берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Зеленный Бор кентінің тұрғындарына ауыз су мен жылу берілді.

Дау тудырған Бурабай ауданындағы Зеленный Бор кентінің тұрғындарына ауыз су мен жылу берілді

Бұл туралы «Ақмола Медиа орталығы» хабарлады.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 5 қазан күні республикалық БАҚ-тарда аталған елді мекен тұрғындары ауыз су және жылусыз қалғаны жөнінде жазылған болатын.

Осы ретте, Зеленный Бор селолық округінің әкімі Маржан Жолдаспаеваның ақпараты бойынша, осыған дейін сумен қамтамасыз ету қызметін жақсарту, су резервуарларын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін қолға алынған алдын алу шаралары барысында кент тұрғындары шынымен де ауыз су мен жылудан ажыратылған. Су жіберу барысында су құбыры жарылып, кейін жедел түрде жөнделді.

Дегенмен, осыған қарамастан, кент тұрғындары ауыз сусыз қалмады. «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының күшімен және 25-ӨБ берген автокөлікпен тұрғындарға су тасымалданды.

Қазіргі кезде, жылу және ауыз сумен тұрғындар толық қамтамасыз етіліп отыр.