Дәурен Абаев астаналықтардың жаңа жұмыс кестесі жайлы айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 2017 жылғы 1 маусымнан бастап енгізілетін Астана тұрғындарының жұмыс күні басталуының жаңа кестесі жайлы айтты. 
None
None

«Жұмыс кестесінің әр уақытта болуы - кептелісті шешу тәсілдерінің бірі.

Егер Астана қаласының әкімдігі барлық мекемелер үшін емес, кейбіреулері үшін 10-15 минут аралықпен жұмыс уақытын ауыстырса, бұл кептелісті азайтар еді,  тиімділік артып, бұдан    елорда тұрғындары тек ұтады», - деді министр, «Хабар» арнасында «Ашық диалог» жобасы аясында биліктің бастамасына пікірін білдіре отырып.

Сондай-ақ Дәурен Абаев қалалықтарды әкімдіктің бастамасын қолдауға шақырды. «Мен Президенттің баспасөз хатшысы болған кезімде әлемнің көптеген елдеріне бардық. Бұл практика барлық жерде бар. Токиода, Берлинде. Голландияда жұмысшылар таңғы 6-дан үшке дейін жұмыс істейтінін нақты білемін. Үште жұмыстарын аяқтайды да, күні бойы бос болады», - деді ведомство басшысы.

1 маусымнан бастап Астана тұрғындарының жұмыс кестесі өзгеретінін атап өтеміз. Шара ЭКСПО қарсаңында елорда жолдарының жүктемесін азайту үшін енгізіледі.

Құрылыс компанияларының жұмыс кестесін  -   09.00 - 07.00, өнеркәсіптік және  өндірістік сектор ұйымдарымен бірлесіп қаланың коммуналдық қызметтерін -   09.00 - 07.30,    қаржы институттарымен бірлесіп, халыққа қызмет көрсету орталықтарын  -   09.00 - 10.00, сауда және демалыс ұйымдарын -   10.00 -10.30, ұлттық компанияларды  -   09.00 - 09.30,   сондай-ақ республикалық басқару органдары мен жергілікті атқарушы органдарының  жұмыс кестесін -  09.00 - 08.30, білім беру мекемелерін (колледж  және ЖОО-лар) - 08.00- 10.00-ге дейін өзгерту ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар