Дәурен Абаев: Париж Олимпиадасы кәсіби дайындығымыздың көрсеткіші болады
«Өздеріңізге белгілі, екі жылдан кейін – Париж Олимпиадасы. Төртжылдықтың басты додасына осы жиыннан бастап қызу дайындыққа кірісуіміз қажет. Біз бұған дейін кадрлық, бюрократиялық барлық мәселені шештік деп ойлаймын. Бірақ, бізді одан да үлкен, жауапты жұмыстар күтіп тұр. Париж Олимпиадасы кәсіби дайындығымыздың көрсеткіші болмақ», - деді министр.
Оның атап өтуінше, әр жақсы нәтиже үшін федерация басшылары, жаттықтырушылар, бапкерлер, тиісті сала мамандары жеке-жеке жауапты болады.
«Токио мен Бейжің ойындары спортшыларымыздың дайындығына қатысты мәселенің күрделеніп кеткенін көрсетті. Олардың кейбірі, тіпті Лиллехаммердегі, Атлантадағы ойындардан бері келе жатқанын байқауға болады. Францияда сол олқылықтардың барлығын түзеуіміз қажет», - деді Дәурен Абаев.
Фото: www.facebook.com/Даурен Абаев