Дәурен Мақажанов «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен корпорацияның басқарма төрағасы қызметіне Дәурен Мақажанов тағайындалды, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

Дәурен Мақажанов «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Корпорацияның жаңа басшысын таныстырған «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Берік Бейсенғалиев банк құрылымдарында жинаған тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жұмыстардың ұстанымдарын түсінуі Д.Мақажановқа корпорация қызметін тиімді етуге көмектесетінін атап өтті.