Дауыл Өскемендегі кәсіби-техникалық лицейдің шатырын ұшырып әкетті

ӨСКЕМЕН. 26 наурыз. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше Өскеменде соққан қатты дауыл №1 техникалық лицей ғимаратының шатырын зақымдады.

Дауыл Өскемендегі кәсіби-техникалық лицейдің шатырын ұшырып әкетті

Қаза тапқандар жоқ. Қала әкімінің бас инспекторы Қаныш Мұқажанов, қаладағы төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың аға офицері Данияр Тілеуханов бастаған комиссия оқиға орнын зерттеп, қираған аумақтың жалпы көлемі 697,5 шаршы метрді құрағанын анықтады, шатырдың 90 пайызына зақым келген. Ғимарат қоршалып, бөгде адамдардың оқу орнына кіруіне тыйым салынған, қауіпсіздік шаралары қолға алынды.