Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дауылды желден зардап шеккен Қаратау ауданында газ және жылу беру қалпына келтірілді

ТАРАЗ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Дауылды желден зардап шеккен Жамбыл облысының Қаратау ауданында газ және жылу беру қалпына келтірілді,

Дауылды желден зардап шеккен Қаратау ауданында газ және жылу беру қалпына келтірілді

халықты электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«ЖЭС» ЖШС мен «КЕГОК» АҚ-ның диспетчерлік қызметтерінің мәліметтеріне сәйкес, 14 қаңтар түнгі сағат 4-ке дейін «ЖЭС» ЖШС-нің 110 киловольтты Жоғары кернеулі желі-114 (ЖЖ), ЖЖ-115, ЖЖ-116 және 220 киловольтты ЖЖ-222 жоғары қуатты желілері бойынша діңгектер қалпына келтірілді. «КЕГОК» АҚ «Қаратау-1» және «Қаратау-2» қосалқы стансыларына қуат бере бастады. «Жаңатас» қосалқы стансысында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Баламалы қуат көздерін іздеп-табу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қаратау қаласы бойынша газ шаруашылығының апаттық-қалпына келтіру қызметтері барлық 1560 абонентті көгілдір отынға қайта қосты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазіргі уақытта Қаратау қаласының орталық қазандығының түтін шығаратын мұржасының және ғимаратының қираған бөлігін бөлшектеу жүргізілуде. Қала көшелері құлаған ағаштардан, қираған электр тарататын бетонды және ағаш діңгектерден, байланыс желілерінен, желмен ұшырылып әкеткен ғимараттар мен тұрғын үйлер шатырларының бөлшектерінен тазартылуда. Сондай-ақ Жанатас қаласының көшелері мен аумағы ретке келтірілуде.

Барлығы қазіргі уақытта 600-ден астам адамнан құралған 26 бригада жұмыс істеуде, оның ішінде ішкі әскерлердің әскери қызметкерлері бар. Алдын ала ақпарат бойынша, қалпына келтіру жұмыстарына тек Қаратау қаласының өзіне 307 мың шаршы метр шифер, 27 мың шаршы метр рубероид, 45 мың шаршы метр шыны, бес мың шаршы метр ағаш материалы, 260 бірлік электр діңгегі, 1500 дана изолятор, 15 шақырым сым, 5 шақырым кабель, 15 есептегіш құрал қажет.

Хабарланғандай, 12 қаңтар күні түнгі сағат 01.30-да Қаратау қаласында (Талас ауданы) 35-40 м/с жылдамдықпен қатты жел басталды. Желдің екпіні кей уақытта 45-50 м/с-қа дейін жетті. Таңғы сағат 07.00-ден бастап Талас ауданында - Ақсай, Көктал, Қаратау-2 стансыларында жоғарывольтты жүйелер істен шыға бастады. Қаратау-2 қосалқы стансысының жедел басқару пунктінің шатырын ұшырып әкету қауіпіне байланысты «ЖЭС» ЖШС бұл қосалқы стансыға қуат беріп тұрған Желі-184 (Ж), Ж-185 желілерін ажыратты. Сағат 08.40-та екпінді жел Қаратау-2 қосалқы стансысының жедел басқару пунктінің шатырын ұшырып әкетті. Сағат 08.45-те қатты желдің салдарынан 1965 жылы салынған «Игілік» МКК қазандығының темірбетонды түтін шығаратын мұржасы (60 м) құлады, салдарынан қазандықтардың жұмысы тоқтатылды. Қаратау қаласында 120 темірбетонды және 80 ағаш діңгек құлады, 10 шақырым электр сымдары үзілді,Жоғары кернеулі-110 және Ж-129 желілері, сондай-ақ KEGOC-тың 221 және 222 желілері зақымдалды. Талас және Сарысу аудандары, Жаңатас қаласы, сондай-ақ Мойынқұм аудандарының (Ұланбел ауылы) жекелеген елді мекендері жарықсыз қалды.

Электр жарығының сөнуіне байланысты Қаратауда 136 көппәтерлі тұрғын үйге ауыз судың берілуі тоқтатылды. Сондай-ақ қалада барлық дерлік мемлекеттік мекемелер ғимараттарының, әлеуметтік-мәдени нысандардың, көпқабатты және жекеменшік тұрғын үйлердің шатырлары жұлынды. Ағаштар құлап, аялдамалар, бағдаршамдар, жол белгілері қирады. Жанар-жағармай стансылары жұмыс істемейді. Құйынды жел Қаратау-Тараз тас жолында автокөліктерді аударды.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жайлы ақпарат жоқ.

Елбасының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаевтың басшылығымен төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша республикалық штаб құрылды. Комиссия кеше таңертең ведомство басшылығымен Тараз қаласына келді, Тараздың әуежайындағы кеңестен кейін Қаратау және Жаңатас қалаларына аттанды.

Айта кетейік, Талас ауданында 52 мың адам тұрады, оның ішінде Қаратауда 27,5 мың адам қоныстанған. Қаратауда 18 әкімшілік нысан, 136 көппәтерлі тұрғын үй бар, деп хабарланды Жамбы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.