Давос форумының қауіпсіздік қызметі басшысының өлі денесі табылды

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні қонақүйлердің бірінің нөмірінде Давостағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумның қауіпсіздік қызметінің басшысы Маркус Райнхардтың өлі денесі табылды,

Давос  форумының  қауіпсіздік  қызметі басшысының  өлі денесі  табылды

деп хабарлайды Вести.ру басылымы.

Швейцарлық «Тан» газеті, Райнхардтың негізгі жұмысы аумағында Давос орналасқан швейцарлық Граубюнден кантонындағы полиция қызметіне басшылық ету болғанын жазуда. Алғашқы тексеру мәліметтері оның өзіне қол жұмсағанын көрсетуде, деп хабарлайды баспасөз құралдары. Марқұмның отбасының өтініші бойынша тексерудің ешқандай фактілері жария етілмей отыр.

Бүгін ашылатын Давос форумының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін Граубюнден полициясы бас штабының жетекшісі Марсель Сютер мойнына алды.