ДДСҰ қаржыландырудың азаюына байланысты қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр
АСТАНА. KAZINFORM — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қазір қиын кезеңді өткеріп жатыр. Қаржыландырудың азаюына байланысты ұйым қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр, деп жазды Азертадж.

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Америка елдеріне арналған ДДСҰ-ның Вашингтонда өтіп жатқан 77-сессиясында мәлімдеді.
– Бұл барлығымыз үшін ауыр әрі қиын уақыт – біз пандемия кезінде үлкен қысымда жұмыс істеп, нақты нәтижеге қол жеткізген, өз ісіне адал, дарынды әріптестерімізбен қоштасуға мәжбүрміз, – деді ол.
Гебрейесустың айтуынша, ұйымдағы аға басшылар мен директорлар саны екі есе қысқартылған. Бұдан бөлек, ол қызметтік сапарлардың да айтарлықтай азайғанын атап өтті.
ДДСҰ-ға мүше елдер биыл мамырда 2026–2027 жылдарға арналған қысқартылған бюджетті бекітті. Ол – 4,2 млрд еуроны құрайды. Бұған АҚШ-тың – ұйымдағы ең ірі донорлардың бірі – құрамнан шығу туралы шешімі себеп болды. Бастапқыда бюджет көлемі 5,3 млрд еуро деп жоспарланған, бірақ кейін ол 21%-ға қысқартылды.
АҚШ 2026 жылы ДДСҰ құрамынан ресми түрде шығады.
Айта кетейік, бұған дейін ДДСҰ аутизм мен парацетамол арасындағы байланыс дәлелі негізсіз екенін айтқан еді.