Делиде 110 мектеп оқушысы газдан уланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда Дели қаласының батысында сенбі күні 110 оқушы газдан уланды, деп хабарлайды IANS  агенттігі өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Оқиға жергілікті уақытпен сағат 07.30-да болған. Газ мектептің ішінен емес, онда орналасқан контейнерлік деподан шыққан.

Газдың неден шыққаны әзірге белгісіз. 30 оқушы талып қалып, олардың терісі тітіркенген және бастары айналған. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты.
null 

Дели бас министрінің орынбасары Мания Сисодия мәлімдегендей, балалар онымен сөйлесу барысында жағдайларының жақсы екендігін айтқан.  





Соңғы жаңалықтар