Delta компаниясы ұшағының бортында лаңкестік оқиғаның алды алынды

АСТАНА.  Желтоқсанның  26-сы.  ҚазАқпарат -   Амстердамнан   Детройтқа  бара жатқан Delta компаниясының  ұшағында орын алған  оқиғаны АҚШ  өкіметі   лаңкестік әрекет ретінде қарастырып  отыр.
None
None

«Орын  алған оқиғаны  лаңкестік әрекет  ретінде бағалау керектігіне біз сенімдіміз»,  деп   хабарлайды  Associated Press  Ақ үйдің өкіліне сілтеме  жасап.

Ұшақ бортында  лаңкестік әрекет    жасамақ  болған    жолаушының  тұлғасы  анықталды.  Ол нигериялық   Абдул  Мудаллад,  деп хабарлайды   ресми  дерек көздер.

Британдық Sky News телеарнасының  хабарлауынша,  жауап алу кезінде    әлгі азамат, лаңкестік әрекетті  жасауға оған  «Әл-Кайеда»    лаңкестік  тобы  тапсырғанын  мәлім еткен.

Естеріңізге сала кетейік,    бұл оқиға  туралы ақпарат  алғашында мұншалықты    күрделі  болмаған  еді.  Алғашқы мәліметтер  бойынша, жолаушылардың бірі  ұшып бара жатқан ұшақтың ішінде    отшашу  шашпақ болады.  Кейіннен, әлгі   пиротехникалық   бұйымның    қолдан жасалған  бомба екені анықталады.

Оқиға кезінде    ұшақ   бортында 278  жолаушы болған,  оқиға  кезінде  бірнеше  жолаушы жеңіл жарақат алады. Оқиғаға кінәлі  де     зардап шегеді.  Ол   орташа күйік  жарақатымен  ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар