Демалыс күндері Ақтөбе облысында 4 жол-көлік оқиғасы болды, 1 адам қаза тапты

Бұл күндері облыс жолдарында 4 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 5 ақтөбелік азамат жарақаттанды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
9 наурызда «Ақтөбе-Атырау» тас жолында УАЗ көлігінің 55 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, жыраға аударылды. Жол апаты салдарынан 85 жастағы әйел оқиға орнында мерт болды. Сондай-ақ 74 және 59 жастағы жолаушылар жамбас жарақатымен Шұбарқұдық кентінің орталық ауруханасына жеткізілді. Медициналық сараптаманың қорытындысына қарағанда, жүргізуші мас болмаған. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Жедел-алдын алу шарасын өткізу бойынша жол қозғалысы ережелерінің 920 бұзушылығы анықталды. Олардың 31-і көлікті мас күйінде жүргізгендігі, 82 адам - жылдамдықты асырғаны, 181-і қауіпсіздік белдіктерін тақпағаны үшін ұсталды.