Демалыс күндері Қазақстанда жел күшейіп, жауын-шашын жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7-9 қараша аралығында жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері Қазақстанда жел күшейіп, жауын-шашын жауады

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Ақтеңіз аумағынан келетін циклон әсер етеді.

Жауын-шашын өтеді, оңтүстік және шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болады.

Елдің басым бөлігінде жел күшейеді.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады.