Демалыс күндері Өскеменде екі көлік жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Өскеменде жеңіл көлік пен жүк көлігі өртке оранды, деп хабарлады ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап YK-avto.kz.
None
None

Кеше жекеменшік үйдің гаражында «Toyota Carina E» көлігінде өздігінен өрт тұтанған. Мамандар өрттің шығуына «қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз пайдалану» себеп болғанын айтты.

Бүгін түнде жекеменшік үй ауласында «Газель» жүк көлігі қорабының қалқалы қаптамасынан өрт шыққан. Көлікке қасақана өрт қойылған болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар