Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде қатты ыстық болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 30 мамыр - 1 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.
None
None

«Жақын арадағы үш тәулікте Алдыңғы Азия аудандарынан ыстық ауа Қазақстанның барлық дерлік аумағына таралады: батыста және оңтүстікте күндізгі температура +35-41º дейін, солтүстік және орталықта +28-35º дейін. Тек республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарына Батыс Сібірден салқын ауа келеді. Сондықтан мұнда кей жерлерде өткінші найзағайлы жаңбыр, бұршақ жауады», - деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар