Демалыс күндері жылдамдықты асырғандары үшін 90 жүргізушіге айыппұл салынды - Астана

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада демалыс күндері жылдамдықты асыру фактілері бойынша 90-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлады елордалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Демалыс күндері    жылдамдықты асырғандары үшін 90 жүргізушіге айыппұл  салынды - Астана

Ведомствоның ақпараты бойынша, рульге мас болып отырғандары, жылдамдықты асырғандары үшін 91 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылса, жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін - тағы 13 адам, рульге құжатсыз отырғаны үшін - 20 адам, рульде отырған кезде ұялы телефонмен сөйлескені үшін - 51 адам жауапқа тартылды, 21 көлік айып тұрағына қойылды.

Жол полицейлері демалыс күндері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1196 фактісін тіркеп отыр.