Демалыс күндеріне дейін еліміздегі аяздың беті қайтпайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы екі тәулікте елімізде аяз сақталады. Бұл туралы Қазгидрометтің 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның батыс облыстарына жылжып келе жатқан атмосфералық фронттар Қазақстаннын басым бөлігіндегі қатты аязды тудырған арктикалық ауа массаларымен бірге антициклонды ығыстыра бастайды.

Алдағы екі тәулікте республиканың басым бөлігінде аномальді суық ауа райы сақталады. Бірақ атмосфералық ағындардың шығысқа қарай ығысуына байланысты елімізде қайтадан қар жауады, батыстан күші жел келеді және боран соғады, сондай-ақ температураның жоғарылауы күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар