Демалыс күні Алматы облысында жер сілкінді
ТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазанның 22-сінен 23-іне қараған түні Алматы облысында жер сілкінді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
«23 қазанда, сағат таңғы 05.17-де Алматы облысы, Талғар ауданында жер сілкінді. Зілзаланың кіндігі К=8,8 энергетикалық қуатымен Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасты. Жерасты дүмпулері MSK-64 бағаны бойынша 3 баллдық қуатпен Алматы қаласында байқалды. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген таратылған хабарламада.