Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының мүшелері Шымкентте кездесу өткізді
ШЫМКЕНТ. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте, «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы мен Демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің облыс жұртшылығымен кездесуі өтті.
Кездесуге қоғамдық бірлестіктердің, этно-мәдени орталықтардың өкілдері, зиялы қауым өкілдері, Президенттікке кандидат Н.Назарбаевтың қоғамдық штабтарының, партия филиалдарының жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналған қауымның алдында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин, «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев, Мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадов, «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев сөз сөйледі.
Оңтүстік Қазақстан халқының атынан сөз сөйлеген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының облыстық филиалының төрағасы Байдолла Қонысбек, облыстық орыс драмалық театрының бас режиссері Игорь Вербицкий және аймақтың басқа да белсенділері Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдірді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында қол жеткізген басты жетістігіміз сол, тәуелсіздік жылдары біз тыныштықты, бірлікті, көпұлтты халқымыздың бауырластығын сақтай алдық, тұрақтылыққа қол жеткіздік, еліміз гүлденіп келеді. Сондықтан да, біздің таңдауымыз - Нұрсұлтан Назарбаев!», деді Қазақстан корейлері қауымдастығы Оңтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Юрий Югай.