Дени Сассу-Нгессо Қасым-Жомарт Тоқаевты Конгоға сапармен келуге шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Мемлекет басшысын Браззавильге сапармен келуге шақырды.

«Бүгінде біз қарым-қатынасымызды күшейте түсетін бірқатар шешімді қабылдап, жүзеге асырып жатырмыз. Президент мырза, Конгода Қазақстан Елшісін тағайындау туралы шешіміңізге ризашылымды білдіремін. Меніңше, бұл шешім сіздің үлкен әлеуеті бар елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, дамытуға деген ниетіңізді білдіреді. Бұл жайында біз кеше және бүгін сөйлестік. Сонымен қатар сарапшыларымыз бен министрлеріміз бірлеске жұмыс жүргізіп, бірқатар келісім әзірледі. Оларды біз жүзеге асыруға тырысамыз», — деді мәртебелі мейман.
Конго Президенті екі бірлесіп жүзеге асыратын жобалардың жемісті әрі өзара тиімді болатындығына сенім білдірді.
«Сонымен қатар елдеріңіздің соңғы 20 жылда қол жеткізген жетістігін де атап өткім келеді. Қазақстан Орталық Азиядағы ең маңызды елге айналды. Өйткені, жалпы ішкі өнімі Орталық Азия бойынша 50 пайызды құрайды. Біз бұл жетістікті қолдаймыз. Сонымен қатар Қазақстандағы достарымыздың барлық салада мол тәжірибесі бар екендігін де атап өткім келеді. Бүгінде біз сол тәжірибені қолданғымыз келеді. Мұнан бөлек, сізді Браззавильге, Конгоға шақырамын. Біз үшін бұл үлкен мәртебе», — деді Дени Сассу-Нгессо.