Денис Евсеев Швециядағы жарыста 17 жасар теннисшіні ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 164-ракеткасы Денис Евсеев Бастад (Швеция) ATP 250 турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты.

Денис Евсеев
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін швециялық, 17 жасар Людвиг Фредрик Хедемен өткізді.

Бірінші партияда корт иесі 6:2 есебімен басым түскенімен, Евсеев камбэк жасай білді — 6:1, 6:1.

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында Евсеев 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Қарсыласы 6 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 142-ракеткасы, Аргентина өкілі Роман Андрес Бурручага немесе рейтингіде 235-сатыдағы франциялық Мануел Гинардың біреуімен шеберлік таластырады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 222-орында тұрған Дмитрий Попко әлемнің 136-ракеткасы, хорватиялық Дуже Айдуковичтен өте алмады — 2:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Швециядағы турнирде қарсыласын ойсырата ұтқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар