Денис Мамонов – «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері

АТЫРАУ. KAZINFORM – Қазақстандық 43 жастағы жаттықтырушы «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Денис Мамонтов
Фото: «Атырау» футбол клубы

Жергілікті футбол клубы баспасөз қызметінің мәліметінше, Денис Мамонов Павлодар облысында дүниеге келген. Ол футболдағы қорғаушы және жартылай қорғаушы ретінде мансабын «Жетісу» (Талдықорған), «Восток» (Өскемен), «Тараз» және «Есіл-Богатырь» (Петропавл) клубтарында өткізген.

– Бапкер ретінде алматылық «Қайрат» футбол клубының құрылымында, «Жетісу», «Мақтаарал» және «Ақсу» футбол клубтарында қызмет атқарды. Денис Николаевич қазірге дейін 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болды. Маусым басында «Атырау» командасына қайта оралған ол бұрынғы бас бапкер Константин Горовенконың көмекшісі болған еді, -деп мәлім етті клубтың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін «Атырау» командасы бас бапкері міндетін атқарушының өазіргі деңгей – осы, нәтиже болмай тұр дегенін хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар