Денсаулық сақтау саласында артық әкімшілік реттеу азаяды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Фото: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Заң жобасы шамадан тыс заңнамалық регламенттеуді болғызбауға және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған құқықтық нормаларды қамтыған. Құжат аясында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына өзгерістер енгізуді көздейді.

- Бұл заң жобасы артық әкімшілік реттеуді азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекеттік органның шешімдерін қабылдау процесін жеделдету, оның ішінде тиісті тәртіпті айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде өкілеттіліктерін кеңейту арқылы аса маңызды қоғамдық қатынастарды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болады. Заң жобасы арқылы мемлекеттік органдардың қызметінде артық регламенттелген нормаларды колдекстен алып тастап, министрлік туралы ереженің деңгейіне көшіруді көздейді. Іс жүзінде көбінесе мемлекеттік органның қандай да бір шешім қабылдауы үшін, алдымен тиісті заңдарға өзгертістер мен толықтырулар енгізуі талап етіледі. Мемлекеттік органның арнайы құзыреттері мен өзге де нақтылайтын нормалары бұдан былай заңға тәуелді актілер деңгейінде белгіленеді және оларда мемлекеттік органдардың заңнамалық нормаларды іске асыру жөніндегі өкілеттіктері жазылады, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, заң жобасын іске асыру барысында денсаулық сақтау саласындағы артық әкімшілік реттеуді қысқарту және осы саладағы рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған нормаларды дебюрократизациялау, сондай-ақ қайталанатын нормаларды жою ескерілген.

Жалпы, кодекске шамамен 160-тан астам түзету енгізу қарастырылған. Оның ішінде 14-ін министрлік туралы ережеге ауыстыруға байланысты кодекстен алып тастау ұсынылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрлігі 2027 жылға қарай МӘМС пакетіне медициналық-санитариялық алғашқы медициналық көмек (МСАК) қызметтерін қосуды көздейтін

Бірыңғай пакетке кезең-кезеңмен көшуді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар