08:25, 31 Тамыз 2014 | GMT +5
Денсаулығы қатаң жағдайдағы балаға халықаралық іздеу жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерпол бес жасар Ашьи Кинг есімді балаға іздеу жариялады, деп хабарлады euronews.com.

Баланы иегово куәгерлері сеніміндегі әке-шешесі Англиядағы Саунтгемптон ауруханасынан алып қашып кеткен. Оның миында ісік бар, ол өздігінен қимылдай да, сөйлей де алмайды. Оның тезірек сауығып кетуі үшін дәрігерлік көмек керек.