13:24, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
«Денсаулық ? елдің бүгінгісі, білім ? ертеңгісі, ал мәдениет дейтін ? мәңгілік!» - Дөңгелек үстел
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін елордада Ұлттық Дельфилік комитеттің бастамасымен «Қазақстандағы шығармашылық одақтарды дамыту мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оған Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, Жазушылар одағы, Композиторлар одағы, Дизайнерлер одағы және ҮЕҰ өкілдері қатысты.Отырыста Қазақстанның ұлттық өнері мен мәдениетінің дамуы алдында тұрған бірнеше кедергілер атап көрсетілді. Солардың ішіндегі негізгілері - осы саладағы заңдық реттеудің жоқтығы, шығармашыл топты әлеуметтік жағынан қамтудың жеткіліксіздігі. «Үш жылдық бюджетте қаражат білім мен денсаулық сақтау салаларын «дамыту үшін» бөлінген, ал мәдениетке «қолдау үшін» деп көрсетілген. Денсаулық ? елдің бүгінгісі, білім ? ертеңгісі, ал мәдениет дейтін ? мәңгілік! Мәдениет? мәңгі жасамақ. Мәселен, ежелгі Мысыр, Византия халқының мәдениеті бүгінге дейін жетті. Сондықтан мәдениетке немқұрайлы қарауға болмайды», - деді Композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбек.«Ретке келтіру үшін ең бірінші заңдық негізден бастау керек деп ойлаймын. Мәдениет туралы заңға да, жастар саясаты туралы заңға да өзгерістер жасауға Ұлттық Дельфилік комитет ықпалын жасауы тиіс», - деп атап көрсетті ол. «Біз әлі де болса бүгінгі күннің рухани ұлтын қалыптастырған кешегі жетістіктермен өмір сүріп жатырмыз. Бұл олқылықты қалай толықтырамыз? Ең алдымен мемлекет өнер, мәдениет саласы өкілдеріне жағдай жасауы керек. Әлеуметтік қорғалмаған кәсіп иесінің бірі - өнер адамдары. Олар тіпті зейнетақыға да құқығы жоқ», - деді Дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменов отырыс барысында.