«Денсаулық фестивалі» Павлодар мемлекеттік университетінің стадионында студенттер мен оқытушыларды жинады

ПАВЛОДАР. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттері мен оқытушыларының өткен аптаның соңында өткен «Денсаулық фестивалі» ашық аспан астындағы сауықтыру гимнастикасынан басталды,

«Денсаулық фестивалі» Павлодар мемлекеттік университетінің стадионында студенттер мен оқытушыларды жинады

деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

 ПМУ ұжымы Ұлт көшбасшысының зиянды әдеттерден бас тартып, спортпен айналысу үндеуін қолдады.Стадиондағы сергітуден кейін стадионда жаппай жеңіл атлетикалық жарыстар мен спорттық байқаулар өтті.

Волейбол, баскетбол және футбол алаңдарында студенттер мен университет қызметкерлері жарысты. Арқан тарту бойынша бәсекеде тарих және құқық факультетінің оқытушылары жеңіске  жетті.

Фестиваль 400 метрге жүгіру сайысымен аяқталды.