09:31, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
«Денсаулық пойызы» Атырау облысына келді
АТЫРАУ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «денсаулық пойызы» Атырау облысына келді.
Көшпелі емхананың қызметі алдымен Жылыой ауданының тұрғындарына көрсетілді. «Денсаулық пойызы» заманауи құрылғылармен жарақтандырылған. Кардиолог, рентгенолог, хирург пен стоматолог халыққа тегін медициналық жәрдем көрсетуде.
Көшпелі емхана бұдан соң Мақат ауданына бет алмақ.