Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Павлодар өңірінде болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Павлодар облысының медициналық қызметкерлермен кездесті, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметінен.
None
None

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Павлодар облысының медицина жұртшылығымен кездесуі барысында Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін қандай іс-қимылдар қабылданып жатқандығы туралы хабарлады.

Өңірдің медицина қызметкерлерінің алдында сөз сөйлей отырып, министр биылғы Жолдаудың шеңберінде денсаулық сақтау саласы үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту және міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселені зерделеу сияқты басым міндеттердің айқындалғанын атап көрсетті.

Соған байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша ақы төлеу жүйесін енгізу бойынша жұмыстар өңірлердің арасындағы МСАК-ты қаржыландырудағы теңгерімсіздікті жоюға және мемлекеттік жекеше әріптестіктің негізінде инвестицияларды тарту үшін жағдай жасауға бағытталған. Бұл шаралар халықтың амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Профилактика МСАК ұйымының негізгі қызметі болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің қадамдық Іс-шаралар жоспары да бекітілді, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылуда.

Сонымен қатар, С.Қайырбекова «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Сондай-ақ министр қатар облыстық диагностикалық орталыққа, ауылдық денсаулық сақтау объектілеріне, облыстық ауруханаға, қала емханаларына, облыстық туберкулезге қарсы диспансерге барып, қызметтерімен танысты, пациенттермен және денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Соңғы жаңалықтар