Денсаулық сақтау министрлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында өкпенің қабынуы дерті мен өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін Ұлттық егу күнтізбесін жетілдіруді ұсынып отыр

амырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау ісін дамытудың «Салауатты Қазақстан» атты 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 жасқа дейінгі балалар арасында өкпенің қабынуы дерті мен өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін Ұлттық егу күнтізбесін жетілдіруді ұсынып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін аталмыш бағдарламаның жобасын талқылауға арналған Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында Ұлттық егу күнтізбесі жетілдіріледі, пневмакокты инфекцияға қарсы балаларға вакцинация жүргізу қамтамасыз етіледі. Ұлттық егу күнтізбесі және пневмакокты инфекцияға қарсы үш сатылы вакцинация енгізілгеннен кейін, 2015 жылы 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өкпенің қабынуы дерті көрсеткішін 50 пайызға, ал өлім-жітім көрсеткішін 20 пайызға төмендетуге қол жеткізуге болады. «2008 жылы өкпенің қабынуымен, пневмакокты инфекциямен 5 жасқа дейінгі 33774 бала ауырды, 1,5 мың бала көз жұмды», деді министр.

Ұлттық егу күнтізбесін жетілдірудің, пневмакокты инфекцияға қарсы вакцинасын жүргізудің, отандық медициналық иммуно-биологиялық препараттар өндірісі ұлғайтылуының арқасында 2015 жылы елімізде өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайтуға, өлім-жітімнің жалпы коэфицентін 15 пайызға төмендетуге, сәбилер өлім көрсеткішін 1,5 есеге, аналар өлімінің көрсеткішін 1,5 есеге кемітуге болады.

«Бағдарламаны жүзеге асыру халықтың денсаулығын жақсартуға, өмір жасының ұзақтығын ұлғайтуға және еліміздегі демографиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етуі тиіс. Бағдарлама аясында халықтың мақсатты топтары үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына негізделген Ұлттық скринигтік бағдарламалардың тұтастай кешені әзірленетін және енгізілетін болады», деді министр.

Соңғы жаңалықтар