Денсаулық сақтау саласына бөлінетін алдағы үшжылдық бюджет 1 триллион 309 миллиард теңге

ТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2012-2014 жылдары денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін 1 триллион 309 миллиард теңге бөлінбек.

Денсаулық сақтау саласына бөлінетін алдағы үшжылдық бюджет  1 триллион 309 миллиард теңге

Бұл туралы бүгін Сенат депутаттарын «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасымен таныстыру барысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылы бұл қаржының 439 миллиарды жұмсалады. Сондай-ақ жалпы бөлінген соманың 440 миллиарды

2013 жылы, 430 миллиард теңгесі 2014 жылы пайдаланылады. «Ал «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына 2012-2014 жылдары 232 миллиард теңге қарастырылған. Оның 83,7 миллиард теңгесі 2012 жылы жұмсалады»,-деді министр.