Депутат И. Аронова Қостанай облысының жұртшылығымен жүздесуде

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаты Ирина Аронова Қостанай облысының жұртшылығымен кездесу өткізді.

Депутат И. Аронова Қостанай облысының жұртшылығымен жүздесуде

Халық қалаулысы «Жанұя» отбасылық үлгідегі Балалар үйінің және Қостанай облыстық балалар үйінің педагогикалық ұжымымен және тәрбиеленушілерімен танысты. Ол сондай-ақ Қостанай облыстық онкологиялық диспансері, Қостанай облыстық көпбейінді аурухана, Заречное ауылдық дәрігерлік амбулаторияның медициналық қызметкерлерімен және меценаттар клубының мүшелерімен кездесті.

Сапар барысында Таран, Қостанай аудандарының тұрғындарымен, сондай-ақ ҮЕҰ-ның басшы әйелдерімен және Қостанай облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу жоспарланған.