Депутат лицензиялауға қатысты мораторий жариялауды ұсынады

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында депутат Владимир Нехорошев лицензиялаудың жаңа түрлеріне тыйым салу мәселесін көтерді.
None
None

«Біздің бұған дейін де лицензиялау мәселесіне қатысты біршама әрекет жасағанымыз белгілі. Алайда, бұл бағыттағы жұмысымыз тым мардымсыз, еш нәтиже шығара алар емеспіз. Ондай лицензиялау түрінің бірін жойсаң, екіншісі шыға келеді. Мінеки, бүгін де біз рұқсат беретін құжаттар, лицензиялар мен аккредитациялар санын кеміте түсуге бағытталған заң жобасын талқылап отырмыз. Менің ойымша, бізге бір немесе қатарынан екі жыл бойы лицензия беруге қатысты мораторий енгізу қажет», деді депутат. Оның айтуынша, бүгінгі күні қолданыстағы заңнамалардан лицензиялауды алып тастауға бағытталған жұмыс аяқталмай жатып, жаңадан түсетін заң жобалары тағы бір лицензиялау түрлерін қамтып келеді. «Сондықтан да, мен лицензиялау түрлеріне тыйым салуды енгізуді ұсынамын. Әзірше, алдымызда бар нәрседен лицензиялау түрлерін қысқартып алайық, қалғанына тыйым бола тұрсын. Бұл жұмыстың сапасын жақсартады», деді В. Нехорошев.

Соңғы жаңалықтар