Депутат: Мемлекеттік компаниялардан түсетін дивиденд көлемі екі есе азайып кеткен

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков Үкімет таныстырған 2026-28 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына қорытынды баға бере отырып, құжаттағы маңызды кемшіліктерді атады.

деньги
Фото: pixabay.com

— Бюджетпен бірге ұсынылған құжаттардың сапасы әлі де көңіл көншітпейді. Көп жағдайда мақсаттар мен көрсеткіштер нақты шығыстармен байланыспайды, өлшенбейді және қоғамға оң әсер етпейді. Даму жоспарлары да көбіне формалды түрде дайындалған. Шығыстарды шолу тек негізгі баптармен шектеліп, басымдықтар мен тиімділікке нақты баға берілмеген. Яғни, жаңа форматтағы бюджет дайындалғанымен, бұрынғы тәсілдер әлі де сақталып отыр, — деді ол.

Депутаттың пайымынша, Үкіметке квазимемлекеттік сектор туралы саясатын қайта қарау керек.

— Сонымен қатар, мемлекеттік компаниялардан бюджетке түсетін дивиденд көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есе азайған. Бұл бюджеттің кіріс әлеуетін төмендетіп, квазимемлекеттік сектор саясатын қайта қарауды қажет етеді, — деді Ұласбек Сәдібеков.

Еске салсақ, бүгін Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдің 2026 — 2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырған еді. 

Соңғы жаңалықтар