Депутат С. Романовская: Әлеуметтік желілерде маған шағын авиацияны дамыту мәселесі бойынша жиі хат келеді

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан өңірлері Астана мен Алматы секілді бірдей дамуы тиіс.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская мәлім етті.

Қарағандыдағы шағын ұшақтар шығару мәселесіне тоқталған депутат, әлеуметтік желілерде өзіне шағын авиация мәселесі бойынша жиі хат келіп түсетінін айтып өтті.

«Көлік саласына келгенде, бізде неге барлығы соншалықты қымбат? Мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінде көліктің көптеген түрлері бар. Әрине, Қазақстан өте үлкен мемлекет екенін түсінеміз. Бір қаладан екінші қалаға сапарлау қымбатқа түседі. Дегенмен де өңірлер Астана мен Алматы секілді дамып, аймақтардағы коммуникациялар тиісті деңгейге жеткізілуі тиіс»,-деді Светлана Романовская.

Соңғы жаңалықтар