Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Депутат Талғат Ерғалиев Қостанай облысында Президенттің «Қазақстан-2050 Стратегиясын» түсіндіру мақсатында бірқатар кездесулер өткізді

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Парламент депутаттарының сайлаушылармен жұмыс жүргізуі аясында, «Ақ жол» ҚДП партиясынан депутат Талғат Ерғалиев Қостанай облысында боллды.

Депутат Талғат Ерғалиев Қостанай облысында Президенттің «Қазақстан-2050 Стратегиясын» түсіндіру мақсатында бірқатар кездесулер өткізді

Аталған сапар барысында, депутат білім беру объектілеріне көп көңіл бөлді. Атап айтсақ, «Тепличный» ауылындағы «Жанұя» балалар үйіне соқты.

«Жанұя» балалар ауылында әке-шешесінің қарауынсыз қалған 47 бала тұрады. Мекеме 12 жыл жұмыс атқарып келеді. Былтыр толығымен ремонт жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, депутат Қостанай облыстық балалар үйінің педагогтарымен және 165 тәрбиеленушісімен сұқбаттасты. Кездесу барысында қосымша білім беру сыныптары таныстырылды. Оларда қызығушылықтарына сай 12 ұйымда сабақ оқытылады. Одан басқа, балалар кәсіпқойлық киім тігу мен тамақ пісіруге үйретіледі. Педагогтармен сұхбаттасу барысында, бірқатар проблемалар талқыланды, оның ішінде азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету және түлектерге жұмыс пен үй табу мәселесі.

Депутаттың Қостанай облысының онкология диспансері мен көпбейінді емханасының ұжымымен кездесуі барысында, емхана мен кардилология орталықтарына жедел жәрдем беру автокөліктері мен техникалық жабдықтау мәселесі талқыланды.

Сол күні, Т.Ерғалиев облыстық И.Омаров атындағы драма театрында Қостанай меценаттар клубының таныстырылымына қатысып, творчестволық интеллигенциямен кездесті.

11 қаңтар күні «Агромаш Холдинг» АҚ басшылығымен кездесу өткізілді. SangYong және Chance автокөліктерін жинау цехтары көрсетілді. Украиндық шағынлитрлік автокөліктер мен оңтүстіккореялық жол таңдамайтын көліктер жинаудың барлық үдерістерімен танысты. Келесі нысан комерциялық IVECO техникасын мен УАЗ көліктерін жинайтын ТОО «СарыаркаАвтопром» ЖШС-нің цехы болды. Кәсіпорын «АгромашХолдинг» АҚ базасында салынған.

Зауыт жұмысшылары өздерінің жетістіктерімен және жоспарларымен бөлісті. Егер 2011 жылы Қостанай заводының контейнерінен 869 автокөлік, 200 бірлік ауылшаруашылық техникасы шықса, 2012 жылы - 2500 автокөлік және 500 комбайн шықты. Келесі жылы завод басшылығының жоспарлауынша, өндіріс көлемі үш есе артпақ.

2013 жылы «Nomad» автокөлігінің ұсақ тораптарын жинау жоспарлануда, яғни, көлік қорабын дәнекерлеу және бояу жұмыстарын жасау. «Nomad» автокөлігін жинау болашақта ҚР ішкі нарығын ғана емес, көп бөлігі экспортқа шығарылады, өйткені өндіріс көлемі жылына 25 000 автокөлікке дейін жетеді. Қазіргі таңда кәсіпорында толығымен автокөлік қораптарын дәнекерлеу және бояу техникасын жаңғырту-монтаждау жұмыстары атқарылуда.

Сапар аясында депутатқа «Ауған жауынгерлері» фильмі көрсетілді.

Депутат Т.Ерғалиев «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалында сыбайлас жемқорлық күрес мәселелерін жазатын журналистердің «дөңгелек үстелі» жұмысына қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында сұхбат жүргізілді.

Сонымен қатар, сапар барысында Т.Ерғалиев жастармен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, Жастар бастамашылық орталығы мен ҮЕҰ-ның ресурстік орталығының таныстырылымына танысты.

Заречный ауылында депутат Т.Ергалиев орталық мектеп, ауылдық амбулатория, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған «Жайлау» санаторийінде болып, ұжым мүшелерімен сұхбаттасты. Әңгіме барысында, «Балапан» программасының жүзеге асуы, мемлекеттік сатып алу, балалар үйлерін, аудандық емханалар салу мәселелеріне ерекше тоқтала кетті.

Қостанай қаласында жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізіліп, шағын және орта бизнесті дамыту, бизнес инновациялық-жобаларының жүзеге асырылуы мәселелері талқыланды.

Талғат Ерғалиев аймақтық ҚДП белсенділерімен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру және Қостанай облыстық «Ақ жол» ҚДП филиалы ұйымдастырған қазақ тілі курстарының тұсаукесеріне қатысты.