Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат өтелмеген жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды.

Бұл туралы заңгер Анна Чернова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Айтуынша, бүгін үкімді ауыстыру мәселесі қаралған сот отырысы өтті. Нұрасыл Болат қамаудағы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін кері қайтарып алды.
Осыған дейін сотталушы сотқа қамаудағы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтініш берген болатын.
Еске сала кетейік, 2023 жылы ақпанда Нұрасыл Болат Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан еді.
2023 жылдың 9 қазанында Алматы қалалық әскери сотында заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкімі шыққан болатын.
Сот үкімімен ол ҚК 107-бабының 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жаза түрінде 1 млн 700 мың теңге айыппұл тағайындалған еді.
Кейін әлеуметтік желіде Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүрген видеосы тарады.
Былтыр қараша айында Медеу ауданының № 2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны — бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы өтінішхатын негіз деп танып, оны 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырған еді.